Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  170


Автор: Еркін Оралбайұлы

ЖЕСІР МҰҢЫ

 


 


Бақытты едік, көңіл- күй тасып жүрген,


Көздеріміз қуаныш шашып күлген.


Маңдайымнан жұбайым иіскейтін,


Шаршадың ба жаным деп ғашық үнмен.


 


Бақытты едік ешқандай уайым да жоқ,


Жора-жолдас қыдырар тойың да көп.


Бас айналып бақыттан жүре бердік,


Ешқандай бір жамандық ойым да жоқ.


 


Айырады бұл тағдыр айрылмасты,


Жағдай болды күтпеген аяқ асты.


Ауырып қап жан жарым, қайтыс болып,


Бір-ақ күнде өмірді қайғы басты.


 


Кім ойлаған боларын өмір бұлай,


Келіп жатты жақындар көңіл сұрай.


Бəрі бітіп өмірім тоқтағандай,


Екі ұлмен мен қалдым өксіп жылай.


 


Жылауменен қайғылы күндер өтіп,


Жаста қалмай көзімде төгер бітіп.


Тура келді ес жиюға бала үшін,


Жаратқан ғой адамды өлер етіп.


 


Жалғыздықтың не екенін енді сезіп,


Қайғы- уайым жүректі жеді езіп.


Балаларым алданыш болмағанда,


Бұл дүниеден кеткім де келді безіп.


 


Балаларым әке жоқ, жетімсіреп,


Ақшаны да үнемдеп жетсінші деп.


Кеше кешке долданып енем келіп,


Сен жұттың баламды деп кетті мінеп.


 


Жас баламен жұмыс жоқ үйде қалдым,


Бейшара бір дәрменсіз күйде қалдым.


Жолдасымның артынан кетсем деген,


Бір жаман ой санамды билеп алды.


 


Жаман ойдан ес жиып тоқтап санам,


Қарсы тұрдым тағдырға тоқпақтаған.


Қиындықты бастағы жеңемін деп,


Дедім дұрыс күресті тоқтатпаған.


 


Балаларды тырысып жылатпауға,


Жетімсіреп еш нəрсе сұратпауға.


Өзіме- өзім ант бердім, жігерленіп,


Шаңырағын жарымның құлатпауға.


 


Енді міне жаз бітіп күз келгенде,


Жеткендеймін ақырын көздегенге.


Жұмыс тауып, баларлар қарыны тоқ,


Енді арман жоқ осыдан өзге менде.


 


Түсінгенім тағдырдың тəлкегіне,


Мойыма, қарсы шыққын төзе біл де.


 


Еркін Оралбайұлы


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу