Өлеңдер ✍️
ҚАЗАҚ ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
Бұл заманда қазақтың өзі өзгерді,
Араласып орыспен сөзі өзгерді.
Ағайыннан жақын боп дүниесі,
Бұл өмірге қарайтын көзі өзгерді.
Өзбек, қырғыз көршілер, орынында,
Қазақ қана неге тек, тез өзгерді?
Өмір сүрдің демеймін қайғы мұңсыз,
Қараңғыда жол таптың айлы түнсіз.
Бодандықтың қамытын киген кезде,
Салт-дəстүрден қаншама айырлыппыз,
Жылатпаған жетімін атам қазақ,
Болды қазір бауырға қайырымсыз.
Алғаныңа көп болды тəуелсіздік,
Бізді құртар енжарлық, елеңсіздік.
Білмейтіндер өз тілін əлі де көп,
Болып жатыр осындай келеңсіздік.
Мəңгүрттеніп кетті ме ұрпақтарың,
Ел болмаған кезінде сенен үздік.
Ақша ұрлап байлары шетел асып,
Пара деген санаңды кесел басып.
Өсірмейді жастарды тамыр-таныс.
Ел басқарар жастарың өсер жасып.
Жұмысы жоқ елінде танысы жоқ,
Елден безіп шетелге кетер қашып.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇