Өлеңдер ✍️
АНА ТІЛІМ
Өз тілімді сүйемін, қазақ тілін,
Мағыналы әр сөзі ғажап ілім.
Әр қазақтың болса да ана тілі,
Білетіндер өз тілін аз-ақ бүгін.
Өз елінде екінші, мазақ тілім,
Артта қалып еді ғой азап күнің.
Өз тілінен жиренген билігіміз,
Өзге тілде сөйлейді қажап тілін.
Қазақшала аттарын бел, тасыңың,
Ана тілсіз тұзы да кем асыңның.
Министрлер əлі де орысшалап,
Құлақ аспай сөзіне Елбасының.
Ана тілін білмейтін қазақ қана,
Өзге ұлтты сөйлесе мазақтама.
Депутаттар орысша зуылдатып,
Қазақ тілде сөйлейді азаптана.
Елімізді егемен құрдық жаңа,
Жетіспейді тіл деген құндық қана.
Отар болған орысқа соңғы ғасыр,
Бойымызға құйыпты құлдық сана.
Оянатын кез келді Алаш жұртым,
Көбейгендей қылығы оғаш ұлттың.
Тілің кетіп жүрмейік кебін киіп,
Құрбаны боп шірітер ағаш құрттың.
Еркін Оралбайұлы 10.03.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇