Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  63


Автор: Еркін Оралбайұлы

ЛАТЫН ӘРПІ

 


 


Тіл болмаса ұлтың ғаріп,


Сол ұлтыңмен атың дəріп.


Жаңашылдың бастамасы,


Деп білемін латын əріп.


 


Жалтақ болған биік үннен,


Жасқанады билік кімнен?


Орыс тілін пір тұтады,


Құтыла алмай билігінен.


 


Барлық тілді үйрен деген,


Өз тілінен жиренбеген.


Басқа ұлттар бізде ғана,


Қазақ тілін үйренбеген.


 


Мыйларына тезек толып,


Əрбір тілді кезек шолып.


Тұрғандай ма тіл білмеуге,


Кириллица себеп болып.


 


Орыс тілін қоса жақтап,


Қипақтаған қозғалақтап.


Латыншаға ерте əлі деп,


Жүрме əдейі созбалақтап.


 


Небір өсек өсіп жалған,


Ақыл-сана өшіп қалған.


Біз ойланып жүрген кезде,


Көрші елдер көшіп алған.


 


Туғанбыз ба қорқақ болып?


Өз тіліңді шорқақ шолып.


Тұрған жоқ па, латын əрпі,


Түркі еліне ортақ болып.


         


Кімге осы жалтақтаймыз,


Енді қалай салт сақтаймыз.


Көрінгеннің артына еріп,


Əркім киер қалпақтаймыз.


 


Ұят болар жолда қалсақ,


Тіл мен дінді қорғамасақ.


Қосарланған тілдер қалмас,


Латын əрпін қолдамасақ.


         


Латын əрпі толар шағы,


Болсын тілдің жол ашары.


Ойландырсын əр қазақты,


Кейінгі ұрпақ болашағы.


 


Қазақ шықсын шың төріне,


Əрбір таңнан  күн көріне.


Жақындассақ ұтылмаспыз,


Қанымыз бір түркі еліне.


         


Еркін Оралбайұлы  18.03.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу