Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
216
СЕНІ ІЗДЕДІМ
Елікпеске тыс күшке сенімді едім,
Сүйгенім бе, сезімге жеңілгенім?
Қалай ғана сезбедім бір-ақ күнде,
Сезім нұры жүрекке себілгенін.
Неткен ғажап махаббат сезім едің,
Бұрын неге жүрекке сезілмедің?
Елес болып көзіме сенің бейнең,
Сені іздедім, түнімен көз ілмедім.
Арман қылып аңсаған сені менің,
Мұң əкелер махаббат сенім бе едің?
Түн ұйқымнан түс көріп оянамын,
Сезілгендей ып-ыстық сенің демің.
Дала еркесі еліктей керім бе едің?
Түсте көрдім, өңімде көрінбедің?
Біле тұра ұялыға кірмесіңді,
Жауап күттім өзіңнен ерінбедім.
Айдай сұлу аруға тең көргенмін,
Сезімімді өлеңмен мен өргенмін.
Қаншама рет оқталып дегім келген,
Жүрегімнен орын ал, кел төрге мін.
Еркін Оралбайұлы 7.02.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇