Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  118


Автор: Еркін Оралбайұлы

СЕНІ КӨРІП

Өлең арнап өзіңе айға теңеп,


Жүрегіме ұялап бойға дендеп.


Алғаш көріп өзіңді ұнатқанмын,


Нəзік сезім елітіп ойға тең кеп.


 


Елең еткен жүрегім сені көріп,


Көңіліме сезімім сенім беріп.


Сұлулығың ерекше көзді тартып,


Жан екенсің өмірлік теңім дерлік.


 


Маза кетіп түнімен өзіңді ойлап,


Тұла бойды бір тəтті сезім бойлап.


Сені ойлаумен өтуде əрбір күнім,


Алғаның ба жүректі өзің жайлап.


 


Үміт, күдік көңілге егіз келіп,


Жүрегімді жұлмалап сегіз керіп.


Мөлдіреген көзіңнің шуағынан,


Қыста қатқан кетердей теңіз еріп.


 


Сені көріп өмірім өзгергенді,


Жүрек сүйіп, ұнатып көз көргенді.


Сезімімді жасырып ұзақ жүрдім,


Ұмытқалы көп болған сөз бергенді.


 


Неткен ғажап ұнату тəтті сезім,


Шыдай алмас жұтады көпті төзім.


Жүрек көнбес санаға десе дағы,


Бозбалалық баяғы өтті кезің.


 


Еркін Оралбайұлы 19.02.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу