Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
102
ЖҮРЕКТІҢ НӘЗІК ЛҮПІЛІН
Тағдырдың шешіп үкімін,
Махаббат сыйлап үкілім.
Ояттың жаным қайтадан,
Жүректің нəзік лүпілін.
Ысырып дүние, бүкілін,
Сый қылдың сезім өкілін.
Өзіңді ойлап, бұлқынған,
Жүректің қайтем бүлкілін.
Түсінсең сөздің төркінін,
Қараңғы сенсіз, көр түнім.
Ғасырға татыр созылып,
Өзіңсіз өткен əр күнім.
Қайғы мен уайым шіркіннің,
Кетірген мəнін күлкінің.
Қадалған келіп жүрекке,
Инедей шаншып кірпінің.
Тынышын бұзып сілтінің,
Жүректі сезім тінтідің.
Ұстасам дегем шетінен,
Жүректі ашар кілтіңнің.
Еркін Оралбайұлы 31.05.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇