Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  329


Автор: Еркін Оралбайұлы

ӨМІР ДЕГЕН

 


 


Өмір деген қызықты бұл бір өлең,


Шаттық сыйлар көңілге гүл бір егең.


Бірде әкелсе қайғыны, бірде өмір,


Сезім берер раушандай үлбіреген.


 


Өмір кейде бейне күй күмбірлеген,


Бақыт болып құлақта күңгірлеген.


Сол бір кезде жаныңа шаттық сыйлар,


Елестетіп ертемен күнді өрлеген.


 


Сенен ұзар кейде өмір үркіп ерен,


Кең далада киіктей дүркіреген.


Қайғы әкелер басыңа арыла алмас,


Бұлты көшкен аспандай күркіреген.


 


Өмір-өзен арнасы кілкілдеген,


Буырқанған толқынға кім кірмеген.


Өте алмас өзеннен әлсіз жандар,


Өте шығар қайықсыз іркілмеген.


 


Өмір осы уақытты күн-түн жеген,


Мезгілі көп қараңғы күн күлмеген.


Айдауында тағдырдың кете барар,


Бар өмірін өткізген күңкілменен.


 


Еркін Оралбайұлы 23.02.2018.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу