Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
163
АДАМ БАР МА?
Адам бар ма?
Өмірде қателесіп сүрінбеген,
Тағдырдан күдер үзіп түңілмеген.
Өмірде жаман-жақсы алма-кезек,
Түсінбес терең бойлап үңілмеген.
Адам бар ма?
Тағдырдың ұрынбаған тəлкегіне,
Адамды сынауға әлде, əкелді ме?
Бұл тағдыр бөліп берер ара-жікті,
Жақыны жездедей деп əкеңді де.
Адам бар ма?
Қиналып қайғы бұлтын жамылмаған,
Ішінде күйік бықсып жағылмаған.
Қиянға бақыт ұшып, жолы болмай,
Құр қалып несібеден қағылмаған.
Адам бар ма?
Адаспай бұл өмірде жолын тапқан,
Бұл жолда кедергі көп толып жатқан.
Қайғының ызғарынан жүрек мұздап,
Қыстағы қара жердей тоңып, қатқан.
Адам бар ма?
Қайғырып жүрегіне дақ түспеген,
Су орнына лайланған қақ ішпеген.
Істері кері кетіп, тағдыр қинап,
Қайғы басып, басынан бақ көшпеген.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇