Өлеңдер ✍️
ҚАЙРАН КӨҢІЛ
Қамықпаған болса дағы ойран өңір,
"Көк дөненді" ерттеп мінген қайран көңіл.
Бұл өмірдің ағымына бой бермеген,
Қалса да артта жастық шақ сайран өмір.
Кең даланы жайқала өсіп бозы жапқан,
Артта қалды бала кездер қозы баққан.
Әрбір атқан таңымменен өмір өткен,
Қос бұлақтай бір- бірінен озып аққан.
Күні-түні көше кезген бозбала шақ,
Жастық бумен тұла бойда қоздана шоқ.
Өткен күнмен барлығы да қала берер,
Бұл өмірдің ағымынан озғаны жоқ.
Отыз өтсе қылшылдаған орда бұзар
Ақыл толып албырт көңіл ол да озар.
Қаймықпассың ештемеден күшке сеніп,
Кездессе де, өту қиын жолда құзар.
Шыққаныңда бұл қырықтың қырқасына,
Мінез қатар, ұқсап қара қыр тасына.
Қорғай алар жақыныңды ер боларсың,
Абадандай жан таятпас құртқасына.
Тұрса дағы жігіт жасқа, балаң толып,
Көңіл жүрер бар өмірді жалаң шолып.
Жатарсың ұзақ түнде кірпік ілмей,
Еске алып, өткен күнді алаң болып.
Еркін Оралбайұлы 17.09.2018.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇