Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  144


Автор: Жібек Ысқақова

АРМАНЫМ-АЙ…АРМАНЫМ

Жаным жүдеу, көңілімде нала мұң,
Автобуста ойға шомып барамын.
Адамдардың ұрысынан жиреніп,
Аңсап келем былдыр сөзін баланың.
Келе жатсаң көшеден де көресің,
Ұрыстардың шыңға жеткен төресін.
Бұл не сұмдық? Қайда қалды ар, иба?
Алғандай бұл ұрыс-жанжал белесін…!
Көрген кезде ұрыстарды осылай,
Қалам кейде бұл өмірден шошып-ай.
Мұңаяды жабырқау боп көңілім,
Адамдардың қылығына тосыла-ай…!
 Сыйластық пен қайда қалды ынтымақ?
Жын-шайтандар сыртқа шықты бұрқырап.
Ұрыс пенен айқай-шуды көргенде,
Ауырады сүйектерім сырқырап…!
Сосын тағы армандауға көшемін,
Сыйластық боп қиялымда есемін.
Ынтымақ пен шақырып ап бірлікті,
«Келіңдерші, бірігейік», — десемін…!
***
P. S
Арманым-ай… арманым алып ұшқан,
Күндерім-ай… тұратын сағыныштан.
Сыйластық пен қимастық тұрақташы,
Барлық адам тату боп, сағынысқан…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу