Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
1233
Қазақ қызы
Жүзі сұлу, әдемі,
Көрікті бар әлемі.
Қазақ қызы биязы,
Бойында бар әдебі.
Инабатты, ибалы,
Сауапты іс жиғаны.
Қазақ қызы ғажайып,
Баурап алар дидары.
Тазалықты жақтайтын,
Ел үмітін ақтайтын.
Қазақ қызы ұқыпты,
Орынсыз мін тақпайтын.
Мөлдір таза көздері,
Құрметтейтін өзгені.
Қазақ қызы қадірлі,
Кішіпейіл сөздері.
Жаны жаздай жайнаған,
Бағында құс сайраған.
Қазақ қызы бағалым,
Басынан бақ таймаған…!
Салт-дәстүрін сақтаған,
Қиындықтан қашпаған.
Қазақ қызы мейрімді,
Жақсылыққа бастаған…!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇