Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  143


Автор: Жібек Ысқақова

ӨМІРІМ СЕН ҚАНДАЙСЫҢ?

Өмірім сен қандайсың?
Күйдіресің жанымды.
Уайымыңды үдетіп,
Қайнатасың қанымды.
Өмірім сен қандайсың?
Дертті етесің маңымды.
Жібересің жауын қып,
Арайланған таңымды.
Өмірім сен қандайсың?
Сындырасың сағымды.
Тайдырасын шошытып,
Басымдағы бағымды.
Өмірім сен қандайсың?
Бұзасың кеп сәнімді.
Қарайлайсың қызықтап,
Ұрлағандай барымды.
Өмірім сен қандайсың?
Тықпалайсың заңыңды.
Аяқ асты етесің,
Намысым мен арымды.
Өмірім сен қандайсың?
Жаңалық жоқ жағымды.
Қате бассам байқаусыз,
Күнді етесің жалынды.
Өмірім сен қандайсың?
Ойламайсың қамымды.
Бақыт берші, өмірім,
Аялайын бағымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу