Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  289


Автор: Жібек Ысқақова

САҒЫНДЫМ ӘКЕ

(ән үшін)
Сағынамын, іздеймін өзіңді Әке,
Мейірлене қараған көзіңді Әке!
Өсе берші, өне бер, қанаттанып,
Деген ғажап, сағынам, — сөзіңді Әке!
Қайырмасы:
Сағынамын, іздеймін өзіңді Әке,
Мен өзіңнен үйрендім төзімді Әке!
Өнеге өрген өзгеше өн бойымнан,
Сенің қайсар мінезің сезілді Әке!.
Сағынамын, іздеймін өзіңді Әке,
Қасымызда сен жүрген кезіңді Әке!
Өзіңменен шаттана бірге жүрген,
Сағынамын сол бала кезімді Әке!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу