Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  567


Автор: Жібек Ысқақова

ГҮЛ ӘПКЕМ-АУ, ГҮЛ ӘПКЕМ

(Кентау қалалық орталықтандырылған


кітапханалар жүйесінің директоры


Кокулова Гүлнар Исабекқызына)


Бүгін өзі білесіз бе, күн қандай?
Бүкіл әлем шаттық құрып тұрғандай.
«Жеке меншік туған күн» — деп үн қатып,
Игі жандар сәлем жолдап тұрғандай.
Бірі айтады: тілеймін деп жақсылық,
Бірі берер қуанышты, жақсы үміт.
Ақ тілектер аппақ қарша борайды,
Көңіл-күйін көтеріңкі, жақсы қып.
Шуақ шашып, жылу берер күні бұл,
Жанды тербеп хош иісті гүлі бұл.
Махаббатпен үн қатады әдемі,
Жақындардың жан тербейтін жыры бұл.
Бұл кім енді, айтайын, кім десеңіз,
Игіліктің жолында бірлесеміз.
Ол әпкеммен жолығып қалсақ егер,
Таңғажайып ерекше күй кешеміз.
Сыңғырлаған, баурайтын күлкісі бар,
Адалдылық ұстамы, үрдісі бар.
Үлкендерге құрметі жасалынар
Кішіге ізет, айнымас сүзгісі бар.
Бірдей көрер досындай бар адамды,
Жүректегі сөзімен баурап жанды.
Кітапхана басшысы Гүлдей әпкем,
Хош иісімен тәнті етер барлық маңды.
 Ерекше боп тұратын Гүлнара әпкем,
Айналаны шуақты қылады әпкем.
Кокулова тегі бар жаны жайсаң,
Жұлдызайын жарқырап тұрады әпкем.
Осы менің Гүл әпкем гүл жайнаған,
Әрқашанда ертеңгі күнді ойлаған.
Гүл әпкем-ау, Гүл әпкем аман жүрші,
Шаттық сыйлап сізге тек гүлді айналаң!
Өзіңізге арналар ақ тілегім,
Шын жүректен таусылмас бақ тіледім.
Әр күніңіз нұрлы боп, жанданыңыз,
Деп тілейді сізге әпке, ақ жүрегім.
Отбасыңыз аман боп жақсарыңыз,
Абыроймен әр істі атқарыңыз.
Әр жыл сайын жаңа жас қуандырып,
Гүл көктемдей құлпырсын жас жаныңыз!
Қыздың жасы он сегіз, құтты болсын,
Саулығыңыз әпкетай, мықты болсын!
Қуандырсын ұлыңыз немеремен,
Есік қағып таусылмас бақыт мол шын!
Той-думанның куәсі біз болайық,
Жақсылықты жалғайтын із болайық.
Айырмасын Жаратқан сыйластықтан,
Қыс болайық, мейлі жаз, күз болайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу