Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  826


Автор: Жібек Ысқақова

АҚ ХАЛАТТЫ МЕЙРІМДІ АБЗАЛ ЖАНДАР


Санаспайтын сағаттың тіліменен,
Санасатын халықтың үніменен.
Ақ халатты мейрімді абзал жандар,
Жүзіңізден айналдым күлімдеген...
Гиппократтың антымен оянатын,
Диогнозды нақтылап қоя алатын.
Ақ халатты мейрімді абзал жандар,
Сіздерсіздер дертті көп жоя алатын!
Қызыметте жүретін күндіз-түні,
Арқалаған жауапты іс, елдің жүгі.
Ақ халатты мейрімді абзал жандар,
Өздеріңіз шуақты елдің күні!
Сүрініп, құлағанға дем беретін,
Науқастанып барсаңыз, ем беретін.
Ақ халатты мейрімді абзал жандар,
Алаламай бар жанды тең көретін...!
Биік ұстар қашанда ар, намысын,
Өмірменен күресер таңдар үшін.
Ақ халатты мейрімді абзал жандар,
Адалдыққа жүретін арнап ісін.
Дәрігердің білеміз жолы ауыр,
Жұмыс жасар жүрек пен өкпе, бауыр.
Ақ халатты мейрімді абзал жандар,
Сіздер барда боламыз біздер тәуір.
Дәрігерлер расымен жан асылдар,
Барсаңыздар ауырып, жанашыр жан.
Шырылдайды сіз үшін бозторғайдай,
Кем көрмейтін өзінің баласынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу