Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
683
ЖАН ӘПКЕ
Өнердегі әпкем ақын-сазгер Жұпаркүл
Бекшораеваға арналады
Ай нұрынан жаралған,
Күн нұрынан нәр алған.
Жаны сұлу жан әпке,
Аққудайын таранған.
Сезсем өмір сынағын
Сізді ойлап тұрамын.
Арналады,Жан әпке,
Жүрегімнен жыр, әнім!
Көктемім -сіз, жазым - сіз,
Жайнаған гүл бағым - сіз.
Инабатты, ибалы,
Намысым - сіз, арым - сіз.
Өнердегі тірегім,
Сіз деп соғар жүрегім.
Жетелейтін биікке,
Өзіңіз деп білемін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇