Өлеңдер ✍️
СУРЕТТЕГІ БЕЙНЕҢІЗ
Суыт хабар жүректерді жылатты,
Жанарлардан көздің жасын бұлатты.
Өлеңдері осы жерден тоқтады-ау,
Тоқтатқандай мөлдір таза бұлақты…
Бір сәт, демде өткен шаққа айналып,
Сұм ажалдың құрсауына байланып.
Гүлзат әпке кетті бізден жырақтап,
Шын өмірдің кемесіне жайланып.
«Кешірдім» деп үн қатып жүрегімен,
«Тағдырым» деп жырлады, білемін мен.
«Құдырет құс» таба алды ма сыңарын,
Пәк сезімнің қадірін біле білген?!
Түс көргендей жақындары, достары,
Бізден алыс кетті әпкенің жас жаны.
Қаралы күн есік ашты жылатып,
Ақындардың түнеріп көк аспаны.
Міне бүгін жабырқаулы күйдеміз,
Сізді ойлаймыз, сене алмаймыз мүлде біз.
Кеп тұрғандай бір нәрсені айтқыңыз,
Күлімдеген суреттегі бейнеңіз.
Тыныш болсын Гүлзат әпке жаныңыз,
Еске аламыз өзіңізді бәріміз.
Жүректесіз ақын әпке, жаныңды,
Өлең болып тербетеміз әлі біз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇