Өлеңдер ✍️
СІЗДЕЙ АДАМ БАР МА ЕКЕН?!
(Ғашық жандар үшін)
Жаратылған мен үшін дара тұлғаң,
Сүйеу болып демейтін қанатымнан.
Сіздей адам бар ма екен, айтыңызшы,
Мінезі айбат, ерекше дара туған…
Әдемісіз, көркемсіз сөзің балдай,
Қарай берем мен сізге көзімді алмай.
Сіздей адам бар ма екен, бұл жалғанда?
Жүретұғын ақ маржан сөзін арнай…
Сыртыңыздан қараймын, сүйсінемін,
Жалғыздықтан мұңайып, күрсінемін.
Сіздей адам бар ма екен, бақытты қып,
Махаббаттың көрсетер тылсым емін…
Нар тұлғалы баласы сіз қазақтың,
Шуақ шашып тұрғандай бір ғажап күн.
Сіздей адам бар ма екен, алаңдайтын,
Күйін ойлап жүретін бұл қазақтың.
Сізді ойлап ұйқысыз таңым атты,
Сізді ойлаудан сезімім жаңылмапты.
Сіздей адам бар ма екен, махаббатым,
От сезімді жүректе жалындатты.
Айтыңызшы, төземін бұған қалай?
Алаңдамай сіз үшін, тұрам қалай?!
Сіздей адам бар ма екен, табылмайды-ау,
Жүрегіме орнатқан зәулім сарай…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇