26.01.2025
  82


Автор: Қуаныш Ермахан

Сенің жағдайың қандай? Қандай мәселе?

 


Бізге хабарласатын жігіттердің басым бөлігі қыздармен күтпеген қиындық туғанда, болмаса жалпы қыздармен қиын болып жатқанда жазады. Курс сұрайды, консультация өтеді…


Бірақ біздің проекттің “Тау Адам” деп аталуына қарасақ, қыздар туралы ғана айтылатын жоба емес, о баста ондай ниет болмаған, әлі де ол ниет өзгерген жоқ 


Басты ниетіміз - қазақтың қара домалақ ұлдары өзімізбен бірге, рухты, кесек мінезді, кең ойланатын ақылды, денсаулығы мықты, өз қара басынан асып, шамасы жетсе елге жерге пайдасы тиетін бір Тау адамдардың, Тау тұлғалардың жолын жалғастыратын, мықты Ерлердің қалыптасуына бір үлес қосамыз деген оймен бастағанбыз.


Біреуге үйретіп жүріп өзім сондай болдым демекші, менде сіздерден үйрендім, біреуге үйреттім, айтып жатқан дүниемнің бәрі бастан өтті, тәжірибемен келді. Енді осы үйренгенімізді өмірде қолдану керек. Соның бірі - ол қыздар тақырыбы. Еркекке маңызды ғой енді…


«Қашан үйленемін? Қашан қызбен жүремін? Қалай қызбен танысамын/қаратамын?» деп жарты ойы қызда болған жігіттен көп үміт күтпе, ол қатын алып құмарын қандырып, жүрегін тыныштандырмағанша, басқа жақты да қатырмайды екен.


Сол үшін де, осы сұрақтарды шешіп алмай, көп жігіттер елді-жерді қоя тұр, ана қызды қалай қатын қыламыз, соны айтшы деп тұратыны жасырын емес 

Ескер, сен проблемамен келгенде осы сұрақтың жауабы мынада деп кесіп айтатын адамға сенуге болмайды, өйткені оның жауабы әр адамға әр түрлі болады, индивидуально қаралады. Видеоларымда да осы жайлы айтқан болатынмын.


Мүмкін сен қызбен сөйлесе алмайтын шығарсың, мүмкін сенің мінезің нашар шығар, не оның ақшасы жетпей жатқан шығар, ал мынаның ата-анасы кедергі шығар, ал ананың талабы өзіне сай емес шығар, ал анау өзі білмей дұрыс қыздарды сливать етіп жүр, ал мынаған көз-сөз тиген шығар, ал осы жігіт аңқау болып жем болып жүр қыздарға, мүмкін мына жігіт талай қызды құртып алып, таза қыз іздеп жүрген шығар, тағы басқа жүздеген себеп пен салдар бар ғой. Яғни әркімде әр түрлі запрос, барлығына бір жауап жүрмейді?


Демек үйленіп немесе қыздарға қатысты сұрақтарды жауып, Тау Адам болу үшін, абыройлы, салмақты, ақшалы, парасатты, ояу болу үшін бірінші өзіңнің ішіңдегі проблемаларды анықтап, оларды емдеп, дәрісін ішіп, тәубесін жасап барып, сыртты сәндеу қажет. Сол мәселелерді ескеріп, жігіттермен мен сабақтар өтіп, жеке жұмыстар жасаймын.


«Болғанымен сыртың - бүтін, ішің - түтін…» демекші, өзгеріс, тазару, жаңару ол ішкі өзгерістен басталады. Қыздармен де тура солай, түріңді киіміңді реттей беріп, бірақ ішің баяғы жартас, сол жартас болса, онда қыздар да саған қарап жарытпайды екен!


Солай ма? Түсіне алдың ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу