Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.12.2024
301
Жетісайым мен сені
Жетісайым мен сені,
Жақсы көрем анамдай.
Дем беретін өзіңсің,
Тұрсам түтеп жана алмай.
Жетісайым мен сені,
Жүрегіммен қалаймын.
Сенде жүрсем шаттықты,
Шуақ шашар араймын.
Жетісайым мен сені,
Мақтап әркез жүремін.
Бар жақсыны өзіңе,
Жүрегіммен тіледім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇