Эсселер ✍️
Екібастұз қалам осы қараңыз
Екібастұз қаласы ең алдымен қара көмірі арқылы аты әлемге әйгіленіп отырған қала. Екібастұз Павлодар облысына кіретін, №1, 2-МАЭС- тердің іске қосылуы арқасында Екібастұз жылу энергетикалық кешенінің ірі орталығы болып отыр. Бүгінгі таңда үш бірдей – «Богатырь», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде көмір өндіріледі. Екібастұз көмірі Қазақстанның, Орал, мен Батыс Сібірдің электр станцияларының жұмыстарын үздіксіз қамтамасыз етіп отыр. Қала тек географиялық орнымен ғана емес,сонымен қатар тарихи ерекшелігіне байланысты қалыптасты. Екібастұз көмірі мен электр қуаты бүкіл аймақтың кәсіпорындар: Павлодар химия, мұнай өңдеу, алюминий, трактор, Ақсу ферроқорытпа зауыттары - Екібастұздағы «қара алтынның» арқасында өркендеп отыр. Сондай-ақ Екібастұз көмірі Қазақстан мен Ресейдің арасын жалғастырушы буын болып табылады. «Шығыс» кеніші - әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет бейімделген көмір қабаты жағдайында көлденең жатқан шектеулі қуатымен жобаланды және көмір шығарудың жаңа технологиясын енгізген қала. Ғаламтордың мәліметіне сенер болсақ Екібастұз қаласы өзінің белгілі кен орындарымен, қара алтындарын алыс жақын шетелдерге жіберші қала ретінде ерекшкленіп отыр. Сонымен қатар еліміздің де көптеген өңірлерін қара алтынмен, яғни тас көмірмен қамтамасыз етіп отырған қала.
Ия, Екібастұз қаласы өзі жас қала болса да, көптеген жетістіктерге жеткен қала. Солтүстікте орналасқан, көмір, кен орындары бар, жақсы дамып келе жатқан қала. Қаланың одан әрі өсіп, өніп жанданып дамуына әрбір Екібастұз қаласының тұрғындарының міндеті деп білем. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білсек біздің Екібастұз қаласы әлі де зор жетістіктерге жете алатынына бек сенімдімін! Екібастұз тек қана алға!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇