Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.12.2024
86
Арысым бар ерекше
Арысым бар ерекше,
Баурап алар жаныңды.
Арысым бар, өзенім,
Суы жанға жағымды.
Арысым бар ерекше,
Арайлы атар таңдайды.
Тоғыз жолдың торабы,
Бар жақсыны жалғайды.
Арысым бар ерекше,
Туған жерім, мекенім.
Сенде туып түсіндім,
Бағымның зор екенін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇