Шығармалар ✍️
«Кенесары-Наурызбай»
«Тақырыбы: Кенесары-Наурызбайдың Ресей отаршылдығына, қырғыздарға қарсы күресі. «Идеясы: Кенесары-Наурызбайдың, басқа да көптеген батырлардың ерлігін дәріптеу, ке-
лер ұрпаққа үлгі ете отырып, шынайы тарихтан көрініс беру. «Жанры: Тарихи жыр
«Композициялық талдау:
Басталуы: Кенесары-Наурызбай бейнесі. Көтеріліс кезеңі Байланысуы: Қырғыздардың Топжарғанды барымталауы. Дамуы: Қырғыз халқына басталған жорық.
Шиеленісуі: Алауыздықтың күшеюі. Кәрібоздың зары, Ержанның тұтқынға түсуі. Шарықтау шегі: Наурызбайдың жалғыз аттануы.
Шешімі: Шыңғыс ұрпақтарының жеңіліс табуы.
«Кейіпкерлері:
Кенесары - Абылай ханның ұрпағы, көтеріліс бастаушы, батыр, көсем. Наурызбай - Кененің бауыры, батыр, қолбасшы.
Нысанбай - жырау, ақын, батыр, қобызбен бал ашушы. Бұғыбай - ең сенімді батырлардың бірі.
Ержан - Кененің қырғыздарға тұтқынға түскен інісі. Саржан, Есенгелді - Қасым төре ұлдары, Кененің ағалары.
Қалша хан - Қырғыз ханы, ағасы Кенесарыны тұтқында алады.
Кәрібоз - Ер Қанайдың баласы, қырғыз батыры, Наурызбайды тұтқында алады. Жанғараш би - Ержанды тұтқынға алған Есқожаның баласы.
Наурызбайдың артынан ерген батырлар: Меңдібай, Дулат, Ағыбай, Арғыннан шыққан үш жігіт – Шәкір, Жәуке, Толыбай, Табыннан қабан Бұқарбай.
«Маңызды деректер:
Жер-су аттары: Әуелгі мекен - Көкшетау, Жазғы жайлау - Ұлытау, Іле, Қоқан, Алатау, Арқа, Қарғалы, Қарабалта, Соқылық, Қызылсу, Дуан, Құмбел.
Қырғыздар ұрлап кеткен Наурызбайдың тұлпары: Топжарған. Кенесары-Наурызбай бейнесі:
«Кешегі өткен Кенекең -Дүрі жауһар данасы. Үйсіздерге үй болған, Биуатаның қанасы,. Шаршағанға ат болып, Шөлдегенге су болып, Дарияның аққан саласы. Ататегін сұрасаң -
Хан Абылай баласы.»
«Кенесары, Наурызбай Атағы шықты аңқылдап. Жауды үркітіп, қашырды, Ақ алмастай жарқылдап, Зәресін алды дұшпанның, Найзағайдай шартылдап. Қасына ерген төлеңгіт Олжаға батты қарқылдап»
Наурызбай қырғыздардың Жаппар ие қамалын 30 жігіт қосшы алып, атқа мініп тас-талқан етіп жеңеді.
300-дей айғыр бие, 160-тай түйе алып, бөліп береді.
Жалғыз атты ұрлап, кінәлі болған қырғыздардан өшін алмақ болған Кене қолдау іздеп барған ру-тайпа: Дулат
Кененің Дулаттарға қолдау іздеп баруының салдары: «Асаулар үзді шідерді,
Сыйламай Дулат жіберді. Сыйынып барған елінен, Кене хан үзді күдерді.»
Қабағы түнерген хан күзді күні қырғыздарға аттанады.
Қырғыз да қарап жатпады, қазақтарға соққы беріп, оңайлықпен беріспейді: «Оңайлықпен қазаққа
Асуды қырғыз бермеді. Әр жерлерден құралып, Қырғыздың қолы кернеді. Бесінге дейін атысып, Қазақтың әлі келмеді. Қарабалта, Соқылық Аңғарынан шаң асты. Қырғыз-қазақ екі жар, Ескі жолға таласты.
Сол уақытта хан Кене Амалынан адасты.
Қырғызды айдап шыға алмай,
Батырлар сонда бір састы,» - деп айтылады.
Қазақтар бес күн атысып, асуды ала алмағанда «Тау басында қырғызға Бір тигізші найзамды» деп Наурызбай тіл қатқан батыр: Бұғыбай батыр
Бұғыбай өздерінің әлдерінің келмейтінін біліп, Наурызбайға ұсынған әрекеті: ханнан ба-рып көмек сұрауды өтінеді.
Хан Кенеге келген Наурызбайдың айтқан сөзі: «Дұшпаннан бітсін ар, - дейді.
Қолдағы өңшең батырдан Іріктеп бәрін ал, - дейді. Көңілің шапса, Науанжан, Ертерек сонда бар, - дейді. Екі-үш жүздей кісімен Ойынды барып сал, -дейді.»
Наурызбай әскерден отыз сарбазды таңдап алып, соғысқа кіргендегі бейнесі: «Ор қояндай бұлтиған,
Көк дөнен ат астында. Қамзолішік құнтиған, Ақ орамал басында. Көрүғлыға бергісіз, Отыз көкжал қасында. Сол уақытта Наурызбай, Жиырма бес жасында.»
Қырғыз халқының шайқаста күйреуін көрсететін жолдар: Найзасы қанға боялған Наурыз-бай // Есік-ежесін қиратып, // Қырғыздың шықты дал-далы.
Хан келгенін көріп, есірген Наурызбай қырғыздарды қырып салып, мал мен дүние-мүлкін талайды. Батырларды ар-намыстың құрбаны болуға шақырып:
«Тайынбай жауға кіріңдер,
Айбынды туған ерлерім!» - деп үндейді.
Қырғыздың қолын бастаған Кәрібоз деген кісі қазақтан көрген қорлығын тізбеле-ген жолдар:
«Ей, Наурызбай, ер төрем, Қарайып жүрмін қаныма! Аза қорлық көрсетіп, Қатты баттың жаныма.
Не жазығым бар еді
Кенесары ханыңа?»
Кәрібоздың қатуланған сөзіне Наурызбай бұрын тату болғандарын, бірақ: «Қонысты кәпір алған соң,
Кенекем көшкен жерінен. Бауыры суып ол жақта,
Қарашы болған елінен,» - деп, қырғызды паналаған Кенені бағаламағандарын, елшіні өз-дерінің жолымен өлтіргенін жеткізеді.
Қырғыздарға тұтқынға түскен барлауға кеткен Кененің інісі: Ержан. Мінген аты - Бәй-гікөк.
Наурызбай хан інісін құтқармаққа аттанады. Жекпе-жекке шақырған қырғыздарға қа-зақтардан ешкім жауап қатпайды.
Жекпе-жекке шықпаған қазақтарға қарсы шыққан қырғыз батырлары: Байұзақ датқа, Бидері.
Наурызбайдың қырғыздармен жекпе-жекте мінген тұлпары: Ақауыз ат
Батырларын көрген Наурызбай қайтуға жарлық береді. Қырғыз батырларын жеңген Нау-рызбайдың жауына жалғыз шапқан ерлігі суреттелген жолдар:
«Үшеуін шаншып өлтірді, Бесеуі тірі, өлмеді.
Бес мергенді тірі айдап, Ханға алып келгені. Сегіз мылтық өңгеріп, Тарту қылып бергені.»
Қанына қарайған қырғыз аянып тұрмай, Наурызбай батырдың атын атып құлатып, ба-тырға ұмтылады. Қырғыз, қазақ болып, Наурызбайға таласады.
Ақауыз атына қастандық жасалған Наурызбай қайт қонған ат: Кертайлақ ат
Бірақ астына мінген атына көңілі толмаған Наурызбай қасында Ержанның бол-мағанына өкінеді:
«Ержан болса қасымда Бөлекше туған тұлғасы, Болар ма едім қазаққа Әзіл сөздің олжасы?!»
Дулат пен қырғыздардың бірігіп, алауыздық танытып, қазақтардың барған сапар-ларынан оралмағанын Нысанбай жырау жырлаған жолдар:
«Қазақтың көбі қырылды, Қанды ма екен табасы?! Сол барғаннан төрелер, Елге қайтып келмеген.»
Нысанбай жыраудың Кенесары, Наурызбай батыр бейнелерімен қатар, елім деп еңіреп туған ерлер, жырдың тарихи құндылығын арттыра түскен батырлар: Шұбыртпалы Ағы-бай, Табын Жоламан, Қабан Бұқарбай, Қыпшақ Иман (А.Имановтың әкесі), Басыға-ра, Дулат Байсейіт, Шапырашты Бұғыбай, Сұраншы, Саурық, Сүйіндік, Жанайдар, Арғын Жеке батыр, Талмас, Жәуке, Қанжығалы Тастан, Қаржас Сармантай, Тама Құрман, Керейт Меңлі.
Сатқындар: Рүстем мен Сыпатай.
Ұлы жүздегі ру аттары: Дулат, Шапырашты.
Нысанбайдың абырой-беделі асқан сыншы, ақын, жыршы болғанын байқататын, «Кене-сары-Наурызбай» жырының аяқталуы:
«Бұл қиссаны шығарған Нысанбай деген жыршы еді, Хан Кененің тұсында Жұрттан озған сыншы еді, Айтқан сөзі үлгілі Құлақтың бір құрышы еді, Өлең-жырға Нысанбай Мәшһүр шешен нар еді,
Бір естіген адамдар Сөзіне тағы зар еді, Көзімен көріп сөз қылған Соғыста өзі бар еді.»
«Ұлттық құндылық: Тарихи кезең ерекше көркемдікпен суреттеледі. Батырлық, ерлік дәріптеледі.
«Түсінік+өз ойым: Бұл шығарма өзінің тарихи шындыққа негізделуімен құнды болып та-былады. Кенесары-Наурызбай және басқа да батырлардың ерлік істері болашақ ұрпақты отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелейді.
«Ұқсас шығарма: Ілияс Есенберлин «Қаһар»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇