19.11.2024
  81


Автор: Ақтау қаласы

Каспийдің жағасында ән көп болсын!

Каспийдің жағасында ән көп болсын,
Ақтауымның төрінде сән көп болсын!
Қаламызға мереке әкелетін,
Бүгінгі Ақтау күні құтты болсын!

Каспийдің толқынымен толқындайық,
Билейік оу достарым, жай тұрмайық!
Қаламыз жылдан жылға жандансын деп,
Мерекелі әуенді ән тыңдайық!

Қаламыздың ақ таңы арайлансын,
Сәтсіздіктер біздерден әрі ойнасын!
Қала күні жақсы тілек арнасып бұл,
Ақ ниетті тілегін бәрі ойға алсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу