Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.11.2024
98
Оралыма қарашы, баурап алар
Оралыма қарашы, баурап алар,
Жайығым бар өзенім, алда болар.
Орталығы облыстың Батысымның,
Арайлы атар шырайлы таңға балар.
Оралыма қарашы баурап алар,
Жаныңызды еріксіз жаулап алар.
Сенде туған Оралым мен боламын,
Өз-өзімді шаттықты жанға балар.
Оралыма қарашы, баурап алар,
Кезіңіз бұл қала үшін уақыт табар.
Тоғыз жолдың торабы Оралым бұл,
Бір өзіңде туылған бақыт маған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇