Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.11.2024
425
Осы менің Астанам
Осы менің Астанам,
Шуақ берер күнімдей.
Жүрсем сенде өтеді,
Қиындықтар білінбей.
Осы менің Астанам,
Шырайымды кіргізген.
Әр күнімді шаттықты,
Бақытты етіп жүргізген.
Осы менің Астанам,
Жақсылыққа бастайтын.
Мекені бұл шынында,
Ізгілікті растайтын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇