Өлеңдер ✍️

  05.11.2024
  165


Автор: Омархан Алтынбекұлы

Күзгі элегия

 


Қиналған кезде аға деп маған дем бердің,
Өзіңді көріп қалқамау мен де өзгердім.
Жаным-ау сенің періште сынды жүзіңе,
Қараған кезде ізгілік отын сезгенмін.


Өзіңді көріп көргендей болдым елікті,
Деп ойлап едім сезімге берсем ерікті.
Махаббатқа маздаған мына жүректі,
«Аға» деп айтқан бір сөзің мені ерітті.


Селт еткіздің сергелдең болған сезімді,
Есіме алдым балалық баоғын кезімді.
Отыз жыл артқа шегінгендей болдым-ау,
Естіген кезде «аға» деп айтқан сөзіңді.


Қалайша қалқам мен саған енді жоқ деймін,
Кет десең дағы жаныңнан енді кетпеймін.
Бәлкім сен менің жырыма ғашық шығарсың,
Ұнатпасаң мен сені қалқам сөкпеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу