Эсселер ✍️

  31.10.2024
  170


Автор: Жезқазған қаласы

Сүйікті қалам Жезқазған

Менің сүйікті қалам — Жезқазған. Мен қадамды қатты жақсы көрем. Қалама деген махаббатым елден ерекше. Неге десеңіздер мен осы Кеншілердің қаласы Жезді қалам Жезқазған қаласында туылып, алғашқы тынысымды осы қаланың төрінде тыныстағам. Сол себепті де қаламыздың бүгіні мен ертеңі, болашағы мені ойландырады. Өз туған жерім Ұлы дала елі, Ұлытау жері. Бүгінде Ұлытау облысы болып аталып, орталығы Жезқазған қаласы болғаны менің жанымды жадыратты. Неге десеңіздер кім өз қаласының облыс орталығы болғанын қаламайды дейсіздер. Сіздер сияқты мен де өз қаласы үшін, өз туған жері үшін алаңдайтын, басына қара бұлттары төнсе жүрегі ауыратын Қазақ баласы емеспіз бе?! Сол сияқты мен де жүрегім Жезқазғаным, туған жерім деп соғып тұратын жандардың бірімін.
Ия, расыменде әр адам туған қаласы, туған жері үшін алаңдамай отыра алмайды емес пе?! Туған жеріне, туған еліне жаман ат келгенін қаламайды. Сондықтан да еліміздің қайсыбір қаласы болмасын, қайсыбір ауданы болмасын тек жақсы аты шықса екен, тек жақсы жаңалықтары шықса екен дейді. Мен де солардың бірімін. Өз туған жерім, Кеншілер мекенін қатты жақсы көрем! Мен үшін Дубай, Париж — Жезқазған, Кеншілерім жұмыс жасап, кен қазған. Жезқазғандай барма ғажап жерімдей, Әншілерім жүректерге ән жазған...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу