31.10.2024
  363


Автор: Жезқазған қаласы

Тарихы бар, жазбасы бар Жезқазған

Жезқазған қаласының өткен күніне шолу жасайтын болсақ сан ғасырлық тарихы бар, Кеншілер мекені. Қаланың алғашқы тұрғындары Кеншілер мен құрылысшылардың мекені болған Жезқазған қаласы бұл күнде Ұлытау облысының орталығына айналған еліміз үшін маңызы зор қалалардың бірі. Қаланың атауында айтылып тұрғандай, Жезқазған қаласы қазба байлықтарымен танымал, Қазақстанның орталығында орналасқан Жезді қала. Тарих жазбаларына сүйенер болсақ, Жезқазған қаласы жайлы мынадай деректер бар:
«Ғасырлар жылжып өтті. 1771 жылы Орталық Қазақстанға барон Траубенбергтің экспедициясы келді. Экспедицияға қатысушылардың бірі капитан Николай Рычков өзінің күнделігінде былай деп жазған: Ұлытаудың айналасында сол елді мекендеген байырғы тұрғындар қазған көптеген мыс кен орындары, сондай-ақ, алтын мен күміс кендерінің белгілері де табылды. Траубенберг экспедициясы нәтижесінің қызығушылық тудырғаны сондай Жезқазған аумағына тағы да бірнеше зерттеушілер келді. Кен орнын пайдалануды бастауға ниет білдіргендер де болды.
1847 жылы екатеринбургтік көпес Николай Ушаков малшы Батыр Бақасынның мыс белгілері байқалған үлкен аумақ жерін 400 сомға жалдады. Ушаковтың да, одан кейінгі Рязановтардың да мысқа бай өлкені зерттеуге және оны өндіруге қажетті жеткілікті қаражаты болған жоқ. Жезқазған, Ресейдің басқа да көптеген пайдалы қазбалы кен орындары сияқты ХХ ғасырдың басында шетел акционерлік капиталының қолына тиді»
Міне осындай алтын әріпті жазулармен жазылған Жезқазған қаласы жайлы жазбалар, Жезқазған қаласының маңызы өте зор қала болғандығын көрсетіп отырғандай. Қазіргі таңда да маңызы артқан қаламыз — Жезқазған өзінің кен орындарымен танылып, еліміз үшін маңыздылығын жоғалтқан емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу