Өлеңдер ✍️

  19.10.2024
  1646


Автор: Санат Досболатұлы

Еңбек етіп жүрсең де...

Еңбек етіп жүрсең де таппай тыным,


 


Біреулерге тағы бар жақпайтының.


 


Қанша жерден адалмын дегеніңмен,


 


Жан табылар арыңды таптайтұғын.


 


 


 


Барлығымен сыйласа білгеніңмен,


 


Адамдарға жақын боп жүргеніңмен.


 


Жақсы болып тұрсаң да біреу сенің,


 


Кемшілік іздеп тұрады бір жеріңнен.


 


 


 


Өзің түзе өзіңнің тағдырыңды,


 


Жақсы іспен көркемде әр күніңді.


 


Арпалысып ақымақ адамдармен,


 


Еш уақытта түсірме қадіріңді.


 


 


 


Көңіл аударып қайтесің әр біріне,


 


Жүрмейді ешкім жаныңда бәрі бірге.


 


Жағамын деп бәріне тырыспай-ақ,


 


Өз өміріңді өзің сүр мәнін біл де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу