Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
25.09.2024
146
Мұсылман боп отырмын
Алхамдулилла, мұсылман,
Боп отырмын, қараңыз.
Үлкен жігіт атанды,
Кіп-кішкентай балаңыз.
Мұсылманмын шынымен,
Шүкір деймін расында.
Мен әркез қолдайтын,
Ата-анам бар қасымда.
Маған басқа не керек,
Таңғажайып күйдемін.
Жоқ балалар, әзірге,
Ойнамаймын, үйдемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇