Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
25.09.2024
172
Сүндеттелу парызым
Сүндеттелу парызым,
Болдым міне мұсылман.
Мектепке енді барамын,
Кезім болмас қысылған.
Бүгін міне сүндет той,
Жиналған жұрт-ағайын.
Құлпырғандай көрінер,
Жайнап бүкіл маңайым!
Көп рахмет сіздерге,
Ата-әжем, ата-анам.
Үлкен жігіт болдым мен,
Мектепке жол бастаған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇