14.08.2024
  191


Автор: Үйлену той

Жас жұбайлар ашық болсын жолдарың!

Жас жұбайлар ашық болсын жолдарың,
Арайланып атып сәтті таңдарың.
Жаңа өмір сыйлай берсін жақсысын,
Күннен күнге артып дәйім мал жаның!

Жас жұбайлар бүгінгі тойларың құтты болсын! Заңды некелерің құтты болып, отауларың биік болсын! Жаңа өмірге басқан қадамдарың оң болып, жүздеріңнен қуаныш кетпесін! Бақыттарың баянды болсын! Өмірлерің жарқын, болашақтарың бақытқа толы болсын! Жас жұбайлар сендерге үлкендердің жолын берсін! Бақыттың базарында Алланың назарында болыңдар! Денсаулықтарың мықты болып, әр жыл сайын сәби сүйе беріңіздер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу