Эсселер ✍️

  11.08.2024
  269


Автор: Білім күні

Бүгінгі білім күніне

Бүгінгі білім күні — мектепке алғашқы рет бара жатқан, мектепке алғаш рет қадам басатын бүлдіршіндер үшін өте маңызды. Олардың мектепке алғаш баруларының өзі бір ерекше. Аналары мектепке балаларының қолынан ұстап, жетелеп әкелулері, аналарынан қалғысы келмей, мектепте жылап балалардың әуен-жәуен болуларының өзі сырттай қарағанда балдай тәтті балалық шағымыз-ай деп, тамсануға әкеледі. Әр баланың мектепке алғашқы рет барулары, әр қайсысына ерекше әсер береді. Ол шақтар сондай ұмытылмас кезең болып тарих беттеріне ене береді, ене береді.
Ал мектепке алғашқы рет қадам басқан балалардың сабақты оқуға қызығушылықтарын ояту алдымен ұстаздарына байланысты дер едім. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші, жақсы ұстаздардан жақсы, білімді бала тәрбиеленіп шығатыны даусыз. Ұстаздан шәкірт озар деген сөз, балалардың сабағын жақсы оқып, биіктерден көріне білуі ұстаздар үшін үлкен мақтаныш. Әр баланың еркелігін көтеріп жүретін, расыменде жүгі ауыр ұстаздар жұмысы ерлік жасағанмен бірдей деп айта аламын.
Бірінші қыркүйек «Білім күні» алғашқы қоңырау үнімен мектепке қадам басқан барлық бастауыш сынып оқушылары мен оқытушыларын білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мектепке қарай басқан қадамдары оң болсын! Биылғы оқу жылы барша оқушылар мен оқытушыларға сәтті жыл болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу