10.07.2024
  574


Автор: ҰБТ (ЕНТ)

Құтты болсын ЖОО ға сен түскенің

Құтты болсын ЖОО ға сен түскенің,
Ақ жол саған, сәтті болсын күндерің.
Студенттік өмір берсін қуаныш,
Білімді етіп, жоғары боп үлгерім.

Құтты болсын ЖОО ға сен түскенің,
Орындалсын бар арманың, күткенің.
Тілекшімін мен өзіңе қашанда,
Қуантады жетістікке жеткенің.

Құтты болсын ЖОО ға сен түскенің,
Болмасыншы көңіліңде өкпе мұң.
Жақсы оқы, үздік оқы, тек алға,
Келе берсін ең бақытты күткен күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу