05.04.2024
  119


Автор: Ұлттық валюта – теңге күні

Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күні

15 қараша — Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күні болып табылды. Төл теңгеміз заң жүзінде бекітіліп, айналымға енген күннен бастап, яғни 15 қараша күнінен бері жарғақ бастары жастыққа тимей еңбек етіп келе жатқан жандар бар. Олар әрине — Қаржыгерлер. Теңгеміздің айналымға енген сәтінен бастап қиындығы мен қуанышына ортақ болып, ыстығына күйіп, суығына тоңып теңгемізбен бірге жүрген Ұлттық валютамыздың айналымдағы сәттерін бақылып отыратын Қаржыгерлердің еңбектері расында да орасан дер едім. Ақша айналымының жақсы болуына, ақшаның халыққа бұрмалауынсыз жетуіне тікелей ат салысып отыратын көптеген Қаржы ұйымдары мен Қаржыгерлер бар. Олардың жасап жатқан қиындыққа толы еңбектері сырттай бізге бейтаныс болғанымен, үлкен қажырлық пен шыдамдылықты талап ететіні сөзсіз.
Міне, осындай төл теңгеміз шыққалы бері аянбай қызмет етіп келе жатқан Қаржыгерлеріміз де 15 қараша күні Қаржыгерлер күнін атап өтеді. Ұлттық валюта күнімен бірге тойланып келе жатқан Қаржыгерлер күні құтты болсын! Төл теңгеміздің абыройы асқақтап, Қаржыгерлеріміздің еңбектері жана берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу