14.03.2024
  191


Автор: Ораза

Сұрақ: Сәресіні күн шыққанша ішу керек пе?

Жауап: Ауызды бекітіп жатқан адам сәресін таң намазының уақыты кіргенге дейін ішу керек[12]. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: 


وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ مِنَ الْفَجْرِ ثُمَّ أَتِمُّوا الصِّيَامَ إِلَى اللَّيْلِ


«Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке (күн батқанға) дейін толық орындаңдар»[13].


Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ибн Умму Мәктум азан айтқанша ішіңдер, жеңдер. Ол таң атпайынша азан айтпайды», – дейді.


Сондықтан сәресін күн шыққанша емес, таң намазының уақыты кіргенге дейін ішу керек.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу