Өлеңдер ✍️

  29.02.2024
  2902


Автор: Таныстыру сөздері

Таныстыру қыз сыны

Қызың едім жанары күлімдеген,
Тұнық ойы теңіздей тереңдеген...
Алдарыңда иіліп сәлем беріп,
Өзімді таныстырам өлеңменен...


Қабылдап бақ сынауға шешімімді,
Бүгін шабыт қақты кеп есігімді...
Алима атты ибалы ару едім,
Сұрасаңыз ізетпенен есімімді...


Ақ халатты абзал жан елге дара,
Анам бар Мадинадай, асыл дана...
Асқар тау әкеміз бар Ержан атты
Қорғанымыз бола білген бізге пана.


Осындай сан белесті өткергенмін,
Талай рет топты жарып мен жеңгенмін
Руымды сұрасаңыз Ұлы жүз
Албан болам
Рухым мықты, білсеңіз текті елденмін....


Уақытты бүгін бізге арнаңыздар,
Шын аруын сайыстың таңдаңыздар....
Осылайша өзімді таныстырдым,
Ал сіздер қошеметтеп, қолдаңыздар


 


Құралай Айбекқызы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Еңлік
Еңлік 12.10.2025 15:40
Таныстыру
Гульнур
Гульнур 30.09.2025 23:58
Таныстыру келіндер сайысына
Гүлфайруз
Гүлфайруз 04.03.2025 23:07
Ұзын мәтін

Пікір жазу