21.01.2024
  192


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Тарауих намазы қай уақытта оқылады?


Жауап: Тарауих намазының уақыты – құптан намазы мен сәресі аралығы. Құптаннан бұрын оқылған тарауих намазы саналмайды. Тарауих намазын оқудың ең абзал мезгілі – түннің үшінші бөлігі кіруден бұрын. Имам тарауих намазын оқып тұрған болса, кешігіп келген адам алдымен құптанның парызы мен екі рәкағат сүннетін оқып, кейін тарауих намазына тұрады. Мешітке бара алмаған жағдайда тарауих намазын үйде оқуға болады. Алайда мешітте жамағатпен оқығанның сауабы мол.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу