Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  5423


Автор: Жібек Ысқақова

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ

Жиырма бесі қазанның,
Атаулы күн мереке.
Республика күні бұл,
Сыйлар елге береке.
Декларация өтіліп,
Егемен ел танылған.
Азаттықтың жолында,
Шамнан шырақ жағылған.
Тәуелсіздік бастауы,
Бодандықтан арылып.
Ата-баба арманы,
Оралғандай сағынып.
Тұтастығы елімнің,
Жарияланған күн бүгін.
Жайлылықты сезінген,
Қуанышты үн бүгін.
Көк байрағым желбіреп,
Үн қатады бүгінде.
Әндетейік, би билеп,
Республика күнінде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Зиёда
Зиёда 23.10.2025 14:56
Өте керемет эн немесе өлең екен
Қараөат
Қараөат 20.10.2025 10:58
Жаттауға келмейді
Ситара
Ситара 23.10.2024 21:37
Дым жаттауға болмайды ғо
Раяна
Раяна 23.10.2024 18:19
Дым жоққо мағына
Айша Бибі
Айша Бибі 23.10.2024 15:10
Түсінік сіз ғо
Сәуле
Сәуле 20.10.2024 09:05
Дұрысрақ жаттаулар жоққа түсініксіз ғой
Айым
Айым 14.10.2024 19:41
Мәнер жоқ

Пікір жазу