Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2024
293
МЕН ҚАЗАҚПЫН
Мен қазақпын, араймын,
Көкжиектен қараймын!
Күн нұрындай еліме,
Жылу болып тараймын!
Мен қазақпын, жұлдызбын,
Баға жетпес құндызбын.
Биік қояр намысын,
Батыл жүрек ұл-қызбын!
Мен қазақпын, ақ таңмын,
Жұмсақ мінез мақпалмын!
Сыйлағанның құлы боп,
Жүретін көп шақтарым!
Мен қазақпын, бауырмын,
Атырау, Алтай тауымын!
Жұмылғанда жұдырық,
Болар мықты қауыммын!
Мен қазақпын, жүрекпін,
Жолыңызға гүл ектім.
Әр қазағым жалғызым,
Құлай қалса, тірекпін!
Мен қазақпын, жалынмын,
Бойымда бар дарыным.
Әу демейтін қазақ жоқ,
Өнері бар бәрінің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇