Өлеңдер ✍️
ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН
Бабалардың жанымен келген - Жеңіс!
Жеңіс күні еске түсер сол күндер,
Талай жанның жанарынан жас тамып.
Бұл күндері мұңаямыз үн қатып,
Небір қанды ұрыстарды еске алып.
Отан үшін жанын берген соғыста,
Қару алған қолына қайран бабам.
Бас имеген жауларына, именбеген,
Өздеріңдей батырды қайдан табам?!
Еліміздің қайсар, мықты батыры,
Бауыржандай Момышұлы атам бар,
Ұлы Отан соғысында атойлап,
Тайсалмайтын нағыз батыр атанған.
Әр жеңісін ұштастырып қазақпен,
Әрбір сөзі бастау алған отаннан.
Қазағымның қосу аруы, қос гүлі,
Әлия мен Мәншүк жайлы сөз бөлек.
Кеуделерін оққа тосқан қасқайып,
Бұл қыздардың батырлығы өзгерек.
Өз еркімен аттанып қан майданға,
Ерлікпенен өлім құшты ертерек…
Қарап жатпай бұл соғыста қазағым,
Батырлық пен жігерлікті сақтады.
Отан үшін, елі үшін шайқасып,
Сенім артқан ел үмітін ақтады…
Өлім дейтін тажалмен кеп бетпе-бет,
Оққа тосты кеуделерін берілмей.
Ұрандатты алға қойып мақсатын,
“Қайтамыз” деп, “бұл соғыстан жеңілмей!”
Батырлықпен тайсалмай берген жанын,
Аталарға мың тағзым біздің елден.
Нәзік жанды арулар гүл жайнаған,
Апаларға мың тағзым соғысқа ерген.
Батырлардың рухына бас иеміз,
Жеңіс күнін біздерге алып келген.
Регстаққа ту тігіп Қошқарбаев,
Қазағымның жұлдызын жағып берген.
Соғыс көрген ардагерлер бар бізде,
Қатарлары азайып бара жатыр.
Таяқтарын сүйеу қып еске алады,
Сол жылдары болғандай заман ақыр.
Жеңіс күні қуаныш көптеп болып,
Молшылықтан Жаратқан құр қылмасын.
Бабалардың жанымен келген жеңіс,
Бұл жеңістің ақ жолы құртылмасын!
Еске аламыз ұмытпай, батырлардың,
Өлеңдетіп, есімін ұлықтаймыз.
Тілек тілеп Алладан, “соғыс” сөзін,
Айтылмастай өшіріп, құлыптаймыз!
Басымызға қара бұлт үйрілмесін,
Қуат беріп Алла ішер асымызға.
Тура жолдан адаспас ақыл берсін,
Үлкені бар кішісі, жасымызға!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇