Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2024
504
ӨМІР СЕНІ СҮЙЕМІН, СҮЙІП ӨТЕМ
Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем,
Көңілімнің болса да күйі бөтен.
Атар таң мен әрқашан батар күнге,
Шүкірлікпен басымды иіп өтем…
Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем,
Бар жақсыны жаныма жиып өтем.
Ата-анама, жақыным, достарыма,
Ризалық пен алғысты үйіп өтем…
Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем,
Жақсы сөзді жадыма түйіп өтем.
Алдау, арбау, өсектен аулақ болып,
Жамандықтан өзімді тиып өтем.
Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем,
Өмір сүру демеймін — қиын екен.
Өкінбеймін өмірге ренжімеймін,
Болса-дағы күн-күндеп күйім бетер.
Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем,
Алақандай жерге мен сыйып өтем.
Қазақстан мекенім, туған жерім,
Сыйластықпен әр үйді үйім етем…
Сүйіп өтем арайлы таңымды да,
Сүйіп өтем қолымда барымды да.
Шүкір Алла аман боп алдыңызда,
Өмір сүріп жүргенім бағым мына…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇