Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2024
789
ЖАН АНАШЫМ — ГҮЛ БАҒЫМ
Мейіріммен тербейтін,
Жан Анашым — гүл бағым.
Бір өзіңе арналар,
Жүрегімнен жырларым.
Нұр төгіліп жүзіңнен,
Күлімдейсің күндей боп.
Нәр бересің біздерге,
Тамыр жайған гүлдей боп.
Құлыным дер, қызым дер,
Жан Анашым асылым.
Қиындыққа тап болсақ,
Уайымдайтын жасырын.
Шуағымсың Анашым,
Атар сәтті таңымдай.
Жарқырай түс күн сайын,
Маржан, гауһар, лағылдай!
Отбасына арнайтын,
Әрбір сәтін, әр күнін.
Аман жүрші Анашым,
Баға жетпес байлығым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇