03.12.2023
  55


Урметов Нурлыбек Көбей ұлы

Менің өмірдегі алғашқы таңдауым

    Менің өмірдегі алғашқы таңдауым.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жетекші университеті мәртебесіне ие Қазақстан білім мен ғылымның ірі орталығы,жоғарғы кәсіби тәлім беретін жетекші классикалық университет. Мен осы ата-мекенім Қазақстанға оралғанада,жоғарғы оқу орнын таңдау біраз қиындық тудырды.Бірақ та көкемнің осы универ жайлы айтқан сөздерінен кейін,осы университет қаттыға ұнап қалды.Көкемде осы университетті оқыған екен.Мен жоғарғы оқу тестіне (ҰБТ) ға Өзбекстанда диплом жақтау істерімен үлгере алмай қалдым.Бірақ та бұл универде оқимын деген құлшынысым тоқтаған емес. Мен осы универдің дайындық бөлімінен (Әл-Фараби университеті атындағы дайындық бөліміне) грантқа оқуға қабылданып, бес пән боынша тест сынақтарына бір жыл бойына дайындалдым.Ол жерде бізге-бұл универ жайлы ұстаздарымыз тарихы және өзін ішкі тәртібі жайлы түсіндіріп,үйретті.Бұл универде көптеген студенттерге көмектесетін платформалар бар.Мысалыға:»#mook kaznu #open kaznu» сияқты шет елден келген студенттерге тіл бойынша анық пәндер бойынша қосымша көмек беретін сайттарда көптеген.Осыншама студеттерге қолайлылық маған өте қатты ұнады..Дайындық бөліміне оқып көптеген жетістікке жеттім десемде болады.Түрлі универлер арасындағы концерт,сайыстарға қатынастым.Ең үлкен жетістіктерімнен бірі <<Фараби әлемі >> атты халықаралық ғылыми конференциясынан,математика пәнінен бірінші орын алғаным болды.


Қорытындылай келе,1934 жылдан бастап университтетің ашылуынан бастап,бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстаның көптеген рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын сақтап келеді.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады,мемлекетіміздің барлық салаларында,көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етеді.


 


Ақпараттық технологиялар факултеті


Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы 1-курс студенді Урметов Нурлыбек


Филология факультетінің аға оқтушысы Уразгалиева Светлана Аманжолованың жетекшілігімен.@farabi_university




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу