25.11.2023
  80


Автор: Жұма күні

Жұмаменен жанданар

Жұмаменен жанданар,
Ниетіміз, дұғамыз.
Уа ағайын, достарым,
Қабыл болсын дұғаңыз!

Мүбәрәк боп жұмамыз,
Жаратқаным жар болсын!
Жүзі жылы, жақсылар,
Ортамызда бар болсын!

Жұмадағы тілеген,
Қабыл болсын тілектер!
Сыйластықта үн қатсын,
Лүпілдеген жүректер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу