15.11.2023
  44


Автор: Медицина қызметкері күні

Кадиолог, ревматолог дәрігерім

Кардиолог, ревматолог дәрігерім,
Медицина күнің бұл құтты болсын!
Істеріңіз оң болып дәрігерлер,
Саулығыңыз әрдайым мықты болсын!

Кардиологтар жүрекке дем беретін,
Еңбегіңіз жанданып жарқырай түс.
Қызыметте биікке өрлеп тағы,
Ағын судай дәрігер, арқырай түс!

Ревматолог дәрігерім ғажайып,
Ем беретін халыққа, дем беретін.
Еңбегіңіз шаттығын берсін дәйім,
Ел ішінде самалдай тербелетін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу