11.11.2023
194
Мемлекеттік қызметшілер құтты болсын!
Мемлекеттік қызметшілер құтты болсын,
Жиырма үшінші маусымдағы бұл мерекең.
Еңбегіңіз жанданып ел алдында,
Арта берсін күн сайын бұл берекең.
Халық үшін жасап жатқан қызметіңіз,
Мемлекеттік қызметкер, жеміс берсін.
Әр күн сайын күніңіз сәтті болып,
Әр ісіңіз жарқырай, жеңіс берсін!
Мемлекеттік қызметкерлер жасаңыздар,
Көңіліңіз шаттықты нұрға толып.
Шад-шадыман көңілің ортаймасын,
Жан дүниеңіз ән менен жырға толып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇