Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.09.2023
2686
Отбасың ол бақытың
Отбасың ол бақытың,
Табылатын қасыңнан.
Тастап сені кетпейтін,
Күн өтсе де басыңнан.
Отбасың ол бақытың,
Баға жетпес ешқашан.
Тілекшің боп қашанда,
Қолдап жүрер әрқашан.
Отбасың ол бақытың,
Сый боп саған берілген.
Бар жақсыны тілейтін,
Отбасың шын көңілден.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇